ЖЕТІСУДА «ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!» ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯСЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

70

Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы университетінде Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін қоғамның белсенді бөлігі болып саналатын жастарға жан-жақты жеткізу мақсатында студенттер және мұғалімдермен кездесуі өтті.

⤵️Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек және Анас Баққожаев Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева сондай-ақ өңірлік коалиция жетекшісі Арыстанғали Арын қатысты.

📎Жалпыұлттық коалиция мүшелері Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге бағытталғанын атап өтті.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз