Жетісу облысында су тасқыны кезеңіне дайындық алдын ала басталды.
Атқарылған жұмыстар аясында 24 су тасқынына қарсы іс-шара жүзеге асырылды.
Су тасқыны қауіпті учаскелерде 14 км су бұру арналары салынды және тазартылды, 3 км қорғаныш бөгеттері жөнделді, 11 км өзен арналарын және каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 13 км өзен арналары тереңдетіліп, жағалауы нығайтылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17 ауылдық елді мекенді су басу қаупі төмендетілді.
Дереккөз: ҚР Төтенше жағдай министрлігінің ресми сайты





























