Ел дамуына тың серпін береді

259

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халықына кезекті Жолдауында  маңызды мәселелер қамтылды. Онда  бүгінгідей қиын-қыстау кезде ел  экономикасын еселеп, халық тұрмысын жақсартудың жаңа бағыттары айқындалды. Міне, бұл ел дамуына тың серпін береді.

Нақтырақ айтсақ биылғы Жолдауында ел  Президенті:«Біз еліміздің байлығын, табысын азаматтарымыздың арасында әділ бөлуіміз қажет. Бір сөзбен айтқанда, экономикалық өсімнің игілігін әрбір азаматымыз көруі керек. Бұл – принципті мәселе. Еліміздің болашағы баянды болсын десек, бұл стратегиялық міндетті қалайда орындауға тиіспіз. Мен еліміздің даму бағдары туралы пайымдарымды үнемі айтып жүрмін. Соны тағы да қайталағым келеді. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті ел – Әділетті Қазақстанды құрамыз»,-деп анық атап көрсетті.

Осы міндетті, алға қойған нақты мақсатты, орындауға үлес қосу басшылармен бірге қарапайым халықтың да белсенділігіне де тікелей қатысты екенін естен шығармайық ағайын!

 

                                                                      Құрметбек Сансызбайұлы,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз