Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін нығайтуға пәрмен береді

277

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы қазіргі, серпінді өзгеріп жатқан әлемде елдің одан әрі дамуының айқын бағыттарын көрсетеді. Президент әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелер блогы арасында Қазақстан армиясына да назар аударып, дамыған мемлекеттерде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту қажет екенін атап өтті.

Барлық әскер тектерінің әскери бөлімдері мен құрамаларын заманауи қару-жарақпен және жауынгерлік техникамен жарақтандыру қажет, бұл ретте мұның бәрі шетелден сатып алынбайтыны, бірақ қазақстандық өнеркәсіптік және инновациялық кәсіпорындарда қажетті мөлшерде өндірілетіні әбден орынды. Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту, мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейтумен қатар, барлық қазақстандық экономиканы дамытуға мультипликативтік әсер етеді, оның көптеген салалары мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша тиімді жұмыс істей бастайды. Уақыт өте келе, ел Президентінің осы бастамасының арқасында біздің армиямызда «Қазақстанда жасалған»брендімен қару-жарақ пен жауынгерлік техниканың өзіндік әзірлемелері пайда болатынына күмәнім жоқ.

Еламан Сайлауов,

Жетісу гарнизонының

сержанты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз