Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Жаңа Қазақстан құрудың басты бағыттарын айқындап, ел экономикасын еселеп, халық тұрмысын жақсартуға сара жол ашатын осы бастамалардың қашан да орны ерекше. Себебі, ел Президенті жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың басым бағыттарын айқындап берді. Сондықтан бұл Жолдау еліміздің ертеңімен ұлтымыздың болашақ дамуы жолында жасалып жатқан батыл қадам.
Жолдау көптің көкейінде жүрген көптеген сауалдарға нақты жауап берді. Соның ішінде өңірлерді өркендетудің тиімді жолдарын ұсынып, өз шешімін айқындады. Бұл жер көлеміне сай жыл санап халық санын артуына байланысты кемел ой, көрегенділікпен жасалған ұтымды шара. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе», – деді. Қорытып айтқанда Мемлекет басшысы Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет қағидатын нығайтып, баянды дамудың тың жолын нұсқады.
Ержан Данабеков,
Жетісу облысы
«Ауған соғысы ардагерлері үйлестіру кеңесінің» және
«Жауынгерлік бауырластық»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы.