Крещение мерекесіндегі қауіпсіз шомылу ережелері

Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  қауіпсіз шомылу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады:
 
1) төтенше жағдайлар департаменті белгілеген арнайы жабдықталған ойықтарда шомылу керек, себебі осы учаскелерде медициналық және құтқару қызметтерінің кезекшіліктері ұйымдастырылатын болады;
2) суға шомылар алында жаттығу жасау арқылы денені қыздырып алу керек, сақтық зиянын тигізбейді;
3) шомылу орнына ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен бару керек, мысалы, етік немесе резеңке жеңіл аяқ киім қолдануға болады. Есіңізде болсын, суға түсетін орынға баратын жол тайғақ болуы мүмкін, сондықтан сергек болыңыз және асықпай жүріңіз;
4) ойықтағы суға түсуге арнап қойылған баспалдаққа назар аударыңыз, ол тұрақты болуы керек;
5) ойықтағы суға басыңызбен алға қарай сүңгуге немесе жүзуге болмайды. Есіңізде болсын, суық су тыныс алуды жиілдетуі мүмкін;
6) дененің мұздауын болдырмау үшін ойықтағы суға 1 минуттан артық түсуге болмайды;
7) шомылғаннан кейін өзіңізді құрғақ сүлгімен сүртіп, құрғақ және жылы киім киіңіз;
8) дененің мұздауын болдырмау үшін ыстық шай ішу керек, сондықтан дайындалған термосты өзіңізбен алыңыз.
Есте сақтау керек!
Егер Сізде суық тиюдің алғашқы белгілері, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары, орталық жүйке және эндокринді жүйенің, асқазан-ішек жолдарының, көру және тыныс алу органдарының созылмалы аурулары, мұрын-жұтқыншақтың қабыну аурулары, тері-венерологиялық аурулар және несеп-жыныс жүйесінің аурулары болса, онда шомылудан бас тартуды ұсынамыз.
Сондай-ақ, жүкті әйелдер мен мектеп жасына дейінгі балаларға суға түспеуге кеңес береміз. Себебі, балаларда бес жасқа дейін терморегуляция жетілмеген, сәйкесінше бала тез салқындауы мүмкін.
 
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз және сау болыңыз!
 
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз