М. Қожабеков, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа Жолдау арнады. Бұл жолы ел экономикасына қатысты мәселелер қозғалды.
Жолдау әрдайым ел дамуының басым бағыттары мен алдағы мақсат-міндеттерді айқындап беруімен маңызды. Бұл жолы Мемлекет басшысы еліміздегі экономикалық саясаттың жаңа моделін қалыптастыруға басымдық берді. Бәрімізге белгілі, қазіргі әлемдегі күрделі ахуал мемлекеттердің дамуына өзіндік әсерін тигізуде.
Осындай қиын кезеңде Президентіміз халықтың тұрмыс сапасын арттыруға баса мән беріп отыр. Жолдауда жаңа экономикалық саясаттың нақты әрі тиімді тетіктері анықталды.