Бағыт-бағдар айқындалды

199

Балғаным Боранбаева, ардагер: Бүгін Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған тарихи құжат деп білемін. Алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағыт-бағдары айқындалып,  нақты тапсырмалар берілді, жаңа міндеттер жүктелді. Экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарына тоқталып, ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керектігін баса айтты. Бұл ретте еліміздің туристік әлеуетін арттыру барысында серпінді жұмыс атқарылу қажеттігін алға тартты.  Аймағымызда ел қызыға тамашалайтын нысандар қатары көп. Алдағы уақытта жүйелі жұмыс атқарылып, туризм саласы қарқынды дамиды деп сенемін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз