ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қонақтар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы, тәуелсіздік жолындағы күрес пен сол кезеңдегі жастардың ерлігі туралы естеліктерімен бөлісті. Әскери қызметшілер ел тәуелсіздігі үшін жанын аямаған азаматтардың батырлығына тағзым жасап, патриоттық рухты нығайтты.
Іс-шара жас сарбаздардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, ел тарихына деген құрметті арттыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























