Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
Рождествомен құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Өңірдегі православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Қоғамды ұйыстыра түсетін бұл жарқын мереке азаматтарды толерантты болуға үндеп, мейірім, бейбітшілік, түсіністік сияқты мәңгілік құндылықтарды паш етеді.
Біздің көпконфессиялы өңірімізде дәстүрлерге құрметпен қарау, өзара сенімде өмір сүру бірлік пен келісімнің негізі болып отыр. Қоғамда бір-біріне қолдау көрсету, ортақ ұмтылыстар өз кезегінде өңірдің табысты дамуын қамтамасыз етеді деп сенемін.
Баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс, отбасыларыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін!





























