Талдықорғанда балаларды тасымалдайтын көліктің кілті табысталды

420

Жаңа оқу жылы қарсаңында Талдықорғандағы «Жастар» саябағында облыс мектептеріне оқушыларды тасымалдайтын автобустарды табыстау шарасы өткізілді. Шарада Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов құттықтау сөз сөйледі. Жиынға қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.

Білім басқармасы басшысының  айтуынша, бұл негізінен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырып келе жатқан шара.  Жалпы айтқанда, өңірдегі   мектебі жоқ 69 елді мекендерден, сәйкес мектебі жоқ елді мекендер мен саяжайлардағы 1769 оқушыларға тасымал ұйымдастырылып келген болатын.

Балаларды тасымалдау үшін республикалық бюджеттен 5 автобус сатып алуға 223 млн. теңге бөлінді, ал лизингпен тағы 2 көлік алынды.

Мектептерді көлікпен қамтамасыз етуге екі отандық автоқұрастыру кәсіпорны тартылды. Бұлар  «QazTechna» ЖШС (Сарань қ.) 5 «YUTONG» автобусын, «HyundaiTransAuto» ЖШС (Алматы қ.) — 2 «Golden Dragon» автобусын жеткізді.

Бүгінгі күні 12 арнайы көліктің  7-уі мектептерге табысталды. Қалған 5 автобус жыл аяғына дейін жеткізілетін болады.

Балалар көлігін Сарқан, Алакөл, Кербұлақ, Панфилов, Көксу аудандарымен қатар Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйі де иеленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз