Ата Заң — тірегіміз

302

Конституцияда айқындалған құндылықтар еліміздің тұтастығына, қоғамның тұрақтылығына, өңірлердің дамуына кепіл болып, халқымыздың бірлігін айқындай түсері анық. Осыдан 28 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға болды. Талдықорғани қаласындағы «Жастар» саябағында осы атаулы күнге орай мерекелік шара ұйымдастырылды.

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл талдықорғандықтар мен қала қонақтары құттықтап сөз сөйледі.

Қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы:

«Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!

Сіздерді  мемлекеттігіміздің алтын арқауы, елдігіміздің тірегі Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке ьарша халқымыз үшін маңызды мереке. Себебі, Ата Заң – Тәуелсіз еліміздің басты құжаты. Барлық заңдардың бастауы, азаматтық қоғамды дамытудың берік іргетасы. Осыдан 1 жылдан астам уақыт бұрын ел азаматтарының қолдауымен жалпыхалықтық референдумда Ата Заңымызға өзгерістер енгізілді.  Бұл маңызды қадам заңның үстемдігі мен әділдік принциптерін орнықтыруға бағытталып, «Әділетті Қазақстан» құруда ауқымды саяси жаңғыртуларға жол ашты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүйелі реформалар жүзеге асырылуда. Игі істердің жемісті атқарылуында жер жаннаты  Жетісудың орталығы – Талдықорған қаласының әрбір тұрғынының үлесі бар. Сол үшін баршаларыңызға ризашылығымды білдіремін. Ата Заңымызды құрметтеп, ардақ тұту, оның талаптарын қатаң сақтау – біздің ортақ парызымыз.

Құрметті жерлестер, баршаңызға зор денсаулық, жемісті еңбек, отбасыларыңызға игілік пен бақ-береке тілеймін. Отанымыз Қазақстан өсіп-өркендей берсін!»

 

«Жастар» саябағында  өткен  «Ата заңым- Айбыным» атты  Қазақстан Республикасының Конститутциясы күніне арналған мерекелік шараға  «Жетісу» филармониясы,   «Талдықорған әуендері» ансамблінің әншілері және эстрада жұлдыздары Әли Окапов және Айри концерттік бағдарламаларын паш етті. Өнерпаздар жиналған көпшіліктің көңілін көтерді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз