Бейбіт Исабаев,Жетісу облысының әкімі: «Президенттің әділетті,ашық қоғам,құқықтық мемлекет құру бастамаларын жергілікті жерлерде іске асыру арқылы халықтың тұрмыс-жағдайын одан әрі жақсартуға,өңірдің экономикалық қуатын арттыруға жұмыла жұмыс істейміз».
Алпауыт өндіріс ошақтарының арқасында жоғары көрсеткіштерімен барлық облыстардан оза шапқан Алматы облысы екіге бөлініп, өз алдына отау тіккен Жетісу облысының экономикалық көрсеткіштері бірден 18-19 орындарға тұрақтағаны жасырын емес. 5 айды артқа тастаған өңірдің негізгі салалардағы өсім көрсеткіші қазіргі таңда ауыз толтырып айтарлықтай. Бұл туралы Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу» туристік нысаны базасында Орталық коммуникациялар қызметінің үйлестіруімен өткен брифингте облыс әкімі Бейбіт Исабаев жан жақты тоқталды.
Халқының саны 700 мың адамды құрайтын облыс өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақтар арасында төртінші көрсеткіш көрсетіп,даму қарқынын арттыра алатынын байқатты. Мәселен, сауда 1,8 есеге,республикалық бюджеттің түсімдері-2,8 есеге,құрылыс көлемі-31,3 пайызға,өнеркәсіп өндірісі-14,1 пайызға артқан. Орта шәне шағын бизнестің үлесі 39,3 пайызға жетсе, облыс бюджеті 486 млрд .теңгені құрады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың облысымызға жасаған жұмыс сапарында өңірді әлеуметтік-экономикалық жағынан одан әрі дамыту бағытында берген бірқатар тапсырмаларының қатарындағы пайдаланбай жатқан жерлерді қайтару жұмыстарының нәтижесінде 1,077,2 мың га жер анықталып, оның 857,2 мың га жайылымдық жердің 327 мың га айналымға енгізілген. 128,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Ауыл шаруашылығы саласындағы қант қызылшасының алқабы 2 есеге ұлғайып, 8 515 га құрады. 47 мың тонна қант өндіру жоспарланған.Меже көрсеткіші орындалса,өнімді өзге өңірлерге шығару мүмкіндігі де ашылады. Су шаруашлығы нысандарын қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары жалғаса бермек. Төрт түлік малдың санын арттыру,ет,сүт өндірісін дамыта отырып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 544 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланған.Осы саланы дамыту үшін 2027 жылға дейін құны 57,9 млрд.теңге болатын 53 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде 3,2 млрд.теңге бөлініп,562 үміткерден пул қалыптастырылған. Жалпы өңірде барлық салаларда инвестиция тарту жұмыстары жүйелі жүріп жатыр деген,облыс басшысы алдағы үш жылда инвестициялық портфель құны 1,6 трлн.теңге болып, 7,1 мың жұмыс орны құрылатын 146 жоба қалыптастырылатынын жеткізді.Облыс тамырына қан жүгіртетін өнеркәсіптердің қатарында жоғары маркалы кремний өндіретін,қуаты 6 мың тонналық «Kazsilicon» зауыты қайта жаңғыртылып,темірді тікелей қалпына келтіретін қуаты 20 мың тонналық «Электромарганец»зауыты, Ақсу қант зауыты және т.б бар. «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы облыс экономикасының дамуына тың серпін бермек.Жетісу жерінің табиғи-климаттық жағдайы туризмнің барлық түрін дамытуға қолайлы. Осыған байланысты, инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысына көңіл бөлініп,жолаушыларды тасымалдау ісі,жолдардың сапасын жақсарту жұмыстары жіті бақылауда болады. Тұрғын үй құрылысының жайына кеңірек тоқталған облыс басшысы жыл соңына дейін 2975 пәтер берілетінін айтты. Апатты үйлердің мәселесі де назарда. Ағымдағы жылы 232 пәтерді сатып алуға 2,8 млрд.теңге қарастырылған. Бүгінгі күні облыста орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі Талдықорған қаасының 2 саяжай массивін қоспағанда -100 пайызды құраған. Брифинг барысында 2 саяжайдағы су мәселесінің де оң шешілетіні айтылды.Облыс аумағында жыл соңына дейін көгілдір отынмен қамту ісі жалғасып, жетісулықтардың 71,7 пайызы көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алады, Әлеуметтік инфрақұрылым жайлы егжей-тегжейлі айтқан Бейбіт Исабаев елімізде алғаш болып Талдықорған қаласында психоневрологиялық аурулары бар науқастарға арналған 50 орындық стационарлық орталық пайдалануға берілетінін жеткізді. «Қамқорлық» қорымен бірлесіп аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық және Алакөл,Панфилов,Сарқан,Қаратал аудандарында әрқайсысы 30-50 орын болатын балаларға арналған Оңалту бөлімшелері де іске қосылмақ. Келесі жылы Талдықорғанда 150 орындық Оңалту орталығын салу жоспарланып отыр. Білім беру саласындағы оқушы орындары тапшылығы мен бейімделген мектептердің проблемасын шешу әлі де өзекті.Өткен жылы 2290 орындық 8 мектеп қолданысқа берілсе, жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп іске қосылып,5 мектептің құрылысы басталады деген аймақ басшысы Президенттің Талдықорған қаласында ірі шетелдік технологиялық университеттің филиалын ашу туралы тапсырмасы жастарға қуанарлықтай жаңалық екенін жеткізді. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кеткен. Талдықорғанда «Jetisu Digital» IT-хабы құрылды. Мұнда белсенді жастар өз идеяларын жүзеге асырып,табыс табуға мүмкіндіктері бар. Денсаулық сақтау саласында 7 нысанның құрылысы басталып,2 нысан пайдалануға берілген. Бюджет есебінен өткен жылы 12 блокты-модульдік медициналық пункт орнатылып, биыл 27 іске қосылса,2025 жылға дейін 34-і тұрғызылатыны айтылды. Республикалық бюджеттен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 11 млрд. теңгеге 59 обьект салу жоспарланған екен. Мәдениет,спорт саласында да жаңа нысандар құрылысы қолған алынған,соның ішінде Талдықорған қаласында волейболға арналған оқу-жаттығу спорт кешенін салу және орталық стадионды қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Сонымен қатар биылғы жылы спортшыларға арналған шағын отбасылық үй және үстел теннисі орталығының құрылысы басталғаны қуанарлық жағдай.
Брифинг барысында Бейбіт Өксікбайұлы БАҚ өкілдері тарапынан бюджет қаражатының нәтижелі жұмсалуы,әлеуметтік нысандардың сапасы,білім,тұрғын үй бөлу салаларындағы жемқорлық,жайылымдық жерлердің жетіспеуі тағы басқа да өзекті мәселелер төңірегіндегі сауалдарға жауап берді.
Иә,жерұйық өлкенің өсіп-өркендеуі өлке басшысының айтқанындай осы бүгінгі қарқынынан танбаса,жердің де ,халқының да ,болашақ ұрпағының да қатардан озары сөзсіз. Лайым Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман болсын.
Бибізайнап Балуанбаева.