24 шілдеде құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру мақсатында дабыл қосылады

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары!

2025 жылғы 24 шілдеде сағат 10:00-де, «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында және облыстық құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру мақсатында өңір көлемінде электросиреналар іске қосылады.
Сіздерден сабыр сақтап, түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Дабыл қосылған кездегі іс-қимыл ережелері

Егер сіз
үйде болсаңыз:
* радио немесе теледидарды қосыңыз;
* жедел хабарды тыңдаңыз;
* хабарламадағы нұсқауларды орындаңыз;

көшеде болсаңыз:
* дауыс ұлғайтқыштардан және жылжымалы хабарлау құралдарынан берілетін хабарды тыңдаңыз;
* ресми нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз.

Жетісу облысы бойынша ТЖД мәліметі бойынша

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз