Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдегі бизнесті дамыту мақсатында әкімшілік кедергілерді шешу бойынша шаралар қабылдауда.
Атап айтқанда, Жетісу облысының қаржы басқармасы кәсіпкерлермен орта білім беру мекемелерінде (мектеп асханаларын) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) туралы шарттар жасасу кезінде өзіне кәсіпкерлік Кодекстің 134-бабында көзделген мемлекеттік бақылау және қадағалау өкілеттіктерін заңсыз жүктеп алды.
Кәсіпкерлік кодекстің 134-бабына сәйкес бақылау және қадағалау органының бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік бақылау болып табылады.
Жоғарыда аталған жағдай заңсыз тексерулер жүргізу арқылы кәсіпкерлік қызметке араласу үшін тәуекелдер туғызады.
Осы фактілер бойынша Департамент уәкілетті органның атына ұсынымдар енгізді. Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік мүлікті жалға алудың үлгілік шартына өзгерістер енгізуде.
Осылайша, заңсыз тексерулер жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алынып тасталды, 154 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.