2023-2024 оқу жылына арналған ҰБТ-ның шекті балдары қандай болмақ?

1694

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы отандық жоғары оқу орындарына түсу үшін 2023-2024 оқу жылына арналған ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады. Айта кетерлігі, министрлік белгілеген шекті балдар биыл да өзгерген жоқ, деп хабарлайды ҰТО ресми сайтына сілтеме жасап жарияланған  басылымдар бойынша taldykorgan-online. kz.

«Құқық» және «Педагогика ғылымдары» бағыттарына түсу үшін кемінде — 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» — кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» бағытына оқуға тапсыру үшін — кемінде 70 балл жинау қажет. Ал ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына шекті балл 50-ден кем болмауға тиіс. Ал әр пәннен кем дегенде 5 балл жинау керек. Сонымен қатар 2019 жылдан бері академиялық еркіндік аясында университеттер ақылы негізде де, грантпен де оқуға түсу үшін ҰБТ-ның шекті балдарын өздері белгілеуге құқылы. Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін Ұлттық тестілеу орталығы жыл сайын еліміздегі барлық жоғары оқу орнының шекті балдарын жариялайды. Бұл деректер оқу орындарының ресми сайттарында да бар. «Академиялық еркіндіктің негізінде әр университет өзінің шекті балын қоюға құқығы бар. Осы шекті балдарды біз ҰТО сайтында және Telegram-дағы арнасында жарияладық. Мысалы, педагогикалық мамандықтардың шекті балы — 75. Бірақ, көріп тұрғандарыңыздай Еуразия ұлттық университеті математика  мұғалімдерін даярлау бағытына биыл шекті баллды 90 деп қойған. Өткен жылы 85 балл болатын. Сондықтан оқуға тапсырар алдында талапкерлер университеттердің шекті балын білуі керек», — деді ҰТО директоры Руслан Емелбаев өзінің Facebook парақшасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз