Жетісу облысына-1 жыл. Мерейтой құтты болсын!

259

Ермек Ақшабаев, Жетісу облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы:

– 2022 жылдың 8 маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы облысы Жетісу және Алматы облыстарына  бөлінгені баршаға белгілі.  Бұл бөлу қос аймақтың дамуына оң серпіліс берді.  Біздің өңірде жаңадан басқармалар құрылды. Менің тілдерді дамыту саласында қызмет жасағаныма бір мүшел болды.  Жер жаннат –Жетісу әрдайым гүлденіп, өркендей берсін! Облыс тұрғындары баспаналы болып, шаңырақ шаттығына кенелуде. Жаңғырған Жетісу жұрты ұлы мұраттарға жете берсін!

 Бір жыл мерейлі күн құтты болсын, жерлестер!

Нұрлан Жайламысов, Талдықорған қаласы тұрғыны:

– Жетісу облысының құрылғанына 1 жыл толу салтанатты мерекеге шақырып жатқанына қуаныштымыз.  Салтанат сарайында облысымызға есімдері белгілі апалар  кішкентай сәбилеріміз Дария мен  Нұрияның  қазақтың салтымен тұсауын кесті.  Үлкендердің  ақ батасын алдық.  Бұл егіз қыздарымыздан басқа Саян атты ұлымыз бар. Жетісу облысының бір жасқа толған мерекесі құтты болсын! Біздердің балаларымыздың 1 жасы облысымыздың құрылғанына бір жыл толуымен  тұспа-тұс келіп тұр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз