Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданына қарасты «Қорғас» шекара бөлімшесінде ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Қорғас» және Ж.Бусаков атындағы орта мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты. Олар шекарашы әскери қызметшілердің күнделікті жауынгерлік қызметімен танысып, заманауи техника мен қару-жарақ үлгілерін көруге мүмкіндік алды.
Шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау жолындағы шекарашылардың жауапты қызметі таныстырылып, жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын көтеруге бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, бөлімше әскери қызметшілері өздерінің кәсіби машықтарын көрсетіп, жасөспірімдерге шекарашы мамандығының маңыздылығы мен мәртебесі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Аталған ашық есік күні – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға, сондай-ақ болашақта шекара қызметіне қызығушылықтарын арттыруға бағытталған игі қадам болды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























