ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы мен Қорғас шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы Жаркент қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты митингке қатысты.
Іс-шараға «Застава тарландары» республикалық қоғамдық ұйымының Жетісу облысы бойынша филиалының мүшелері де белсене атсалысты. Митинг барысында майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Салтанатты жиын барысында сөз сөйлеген ардагерлер мен шекарашылар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігін еске алып, ел тыныштығы мен шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы абыройлы қызметтің маңызын атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар бір минут үнсіздікпен соғыста қаза болған батырларды еске алып, ел бірлігі мен бейбіт өмірдің қадірін ұлықтады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























