Шекарашылар өміріне оқушылар қызығушылық танытты

286

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесінде ашық есік күні ұйымдастырылды.


Іс-шараға Крылов атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары қатысып, шекарашылардың күнделікті жауынгерлік қызметімен танысты. Қатысушыларға Шекара қызметінің құрылымы, әскери техникалар мен құрал-жабдықтар, сондай-ақ шекараны күзету барысында қолданылатын заманауи технологиялар көрсетілді.
Шара аясында бөлімше әскери қызметшілері жасөспірімдерге шекарашы мамандығының маңыздылығын түсіндіріп, отансүйгіштікке, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған әңгімелер өткізді. Оқушылар шекарашылардың кәсіби дайындық деңгейіне куә болып, болашақта осы салада қызмет еткісі келетіндерге пайдалы ақпараттар алды.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың әскери-патриоттық рухын арттырып, шекара қызметіне деген қызығушылығын оятуға бағытталған маңызды бастама болды.

                                      ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз