Таза Қазақстан: Ағаш отырғызу — мәдениеттің мәйегі

257

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында тарихи тұлғалардың ескерткіштері қаланың келбетін көркейтіпкелген қонақтардың назарын өзіне аударады.

Солардың бірі — Арқаның Біржанымен айтысқан Ақын Сараның ескерткіші. Бұл ескерткіш Талдықорған қаласының қақ ортасында, өзі атындағы көшенің бойында орналасқан. Маңайы жасыл желекке оранып, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған.

Бүгін осы көрікті орынға облыстың мәдениет қызметкерлері арнайы келіп, ескерткіш маңын тазалап, ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Игі іске белгілі өнер қайраткерлері мен Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов қатысып, олар да ағаш отырғызу шарасына белсене атсалысты.

— Мен бала күнімнен бері ағаш отырғызып келемін. Мектеп жасында көктем шығысымен ауылда барлығымыз тал егетінбіз. Бүгінгі шара барысында сол балалық шақтағы сәттер есіме оралды. Бұл — кейінгі ұрпаққа үлгі болатын іс, әрі Жер-Анаға деген құрметтің көрінісі деп білемін, — деді Жетісу облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Қайрат Қазыкен.

https://7-su.kz/news/cat-19/28604/

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз