Ұлы Жеңістің мерейтойына орай мемориалды аумақ тазаланды

349

ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Көксу» шекара бөлімшесінің жеке құрамы Ұлы Отан соғысының құрметіне арналған мемориалдың аумағын тазалау жұмыстарын жүргізді.
Мемориал маңы абаттандырылып, аумақ толық тазартылды. Сонымен қатар, шекарашылар ескерткіш тақталарды жуып, жарық шамдарын қалпына келтірді. Бұл іс-шара Жеңіс күніне орай ұйымдастырылып, ардагерлерге деген терең құрметтің және өскелең ұрпаққа үлгі боларлық патриоттық тәрбиенің айқын көрінісі болды. Шекарашылар мұндай игі істерді алдағы уақытта да жалғастыруға ниетті.

                                  ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз