Ата Заңда «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп көрсетілген. Ұлттың жан-жақты білімі, рухани байлығы – аса маңызды мәселе. «Дініміз бен дәстүрімізден жаңылмасақ, біздің бағындырар белесіміз де, алар асуымыз да көп болмақ».
Дін – адамзат тарихындағы ең көне әрі маңызды әлеуметтік институттардың бірі. Ол қоғамның рухани тұтастығын сақтауға, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға және мәдени мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді, адамның ішкі дүниесін тәрбиелеп, ар-ождан мен әділдік қағидаларын ұстануға шақырады. Ал, бұл қасиеттер қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, адамдарды ортақ құндылықтар мен сенім төңірегінде бір арнада тоғыстырып, өзара құрмет пен толеранттылық қағидаларын ұстанады. Бұл өз кезегінде қоғамның дамуына және тұрақтылығына оң ықпал етеді. Жалпы, бейбітшілік пен келісімді, сондай – ақ, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайтуға бағытталған өркениетаралық, дінаралық және конфессияаралық диалогты насихаттау мен ілгерілету барысында көптеген шаралар ұйымдастырылып тұрады. Аталмыш игі істер рухани және моральдық дамуға зор ықпал етеді. Сондықтан діннің қоғамдық маңызы әрдайым жоғары болып қала береді.
Ілияс Сағымбеков, Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы