«Жанұядағы» мерекелік шара

1393

Талдықорған қаласының көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларымен    «Жанұя» әлеуметтік орталығында  1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ашық сабақ болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты- еліміздегі  түрлі ұлыс пен ұлт өкілдерінің бір — біріне деген сый — құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау болып табылады.

Ашық сабақ 3 тілде өтумен қатар, әртүрлі ойындар мен жарыстарды да қамтыды. Ашық сабақты ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Дарменбек Дина Күнболатқызы  5-6 сынып оқушылары арасында қызықты етіп  өткізді.   Балалар әр ұлт өкілдерінің киімдерін киіп келіпті. Шара олардың  көңілінен шықты.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз