Архив қызметкерлері Талдықорғанда бас қосты

640

Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында 27-28 сәуір күндерін қамтитын  архившілердің өңірлік-оқыту семинары  ұйымдастырылды.   «Архив — 2025» бағдарламасы  аясында өңірлік-оқу  семинарға  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің, Жетісу және Алматы облыстары басқармаларының, мемлекеттік архивтердің қызметкерлері келіп қатысты. Бұл жиынға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Жетісу облысының мемлекеттік архиві  атсалысты.

Қос облыстың  архив саласы қызметкерлеріне «Архив-2025» бағдарламасы аясында бірнеше тақырыптар бойынша дәріс оқылды.  Негізінен бұл жиын «Архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер», «Архив ісі заңнамадағы және нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістер» тақырыптарын қамтыды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлзира  Қарсақбаеваның айтуынша, бұл республиикалық деңгейде қолға алынып отырған жиын. Жетісу жерінде өтіп  өңірлік семинар екінші боп  саналады. Рәміздердің мерейтойына орай  қолға алынған болатын.  Архив саласының мемлекеттік қызметтері, нормативтік –құқықтық заңдар  турасында айтылды.

 Сондай-ақ,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті мемлекеттік саясат және нормативтік-құқытық реттеу басқармасының басшысы Салтанат Тащанова , Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Архив ісі  және құжаттауды бақылау бөлімінің басшысы  Гүлім  Абсейітова сөз алды.  Жалпы архив ісі саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тақырыбындағы  оқыту семинарының секциялық жұмысы жұма күні де жалғасын тапты. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз