Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

39
Қала әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қала әкімі Ернат Бәзілдің төрағалығымен Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның І тоқсан қорытындысы бойынша отырысы өтті. Отырыста Талдықорған қаласы мемлекеттік мекемелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамалар тыңдалды. Жиынды қорытындылаған қала әкімі мемлекеттік мекемелерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында бірқатар тапсырмалар беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз