Жетісулық шекарашылар балалар үйінде мерекелік шара өткізді

181

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті  облыстағы «Айналайын» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне Наурыз мерекесіне арналған арнайы шара ұйымдастырды.
Шекарашылар балаларға мерекелік сыйлықтар табыс етіп, балалармен бірге мерекелік көңіл-күйде уақыт өткізді. Балалар өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі.
Ұжым басшысы шекара сақшыларына жылы лебізін білдіріп, алғыс айтты. Мереке балалар үшін ерекше әрі ұмытылмас сәттерге толы болды.

                                     ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департементі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз