Джиу-джитсу шеберлері Парижде үш медаль жеңіп алды

1685

Парижде өтіп жатқан джиу-джитсудан Paris Grand Slam-2023 халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар 2 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды,- деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.

Бұл беделді жарысқа әлемнің 26 елінен 900 спортшы келсе, оның 11-і Қазақстанның атынан қатысты. Гранд Слэм-2023 турнирінің бірінші күні 69 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Мансур Хабибулла жеңіс тұғырынан көрінді.

56 келіге дейінгі салмақтағы финалдық белдесуде қазақстандық екі спортшы Самат Сәрсенұлы мен Ғибрат Әмірше шықты, кездесу барысында жеңіс Самат Сәрсенұлына бұйырды.

Бұл турнир 14-21 шілде аралығында Моңғолия астанасы – Улан-Батор қаласында өтетін джиу-джитсудан 2023 жылғы әлем чемпионатына дайындық кезеңі болып саналады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз