Жеңіс күніне орай әскери парад биыл да өтпейді

281

Елімізде биыл да Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ведомство шеру бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбай отырғанын атап өтті.

«Қазір департаменттің басым бағыты – Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын сақтау. Дегенмен, әскери бөлімдерде шағын әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіледі. Ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерліктерін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету бойынша шаралар өткізіледі”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі шаралар болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз