Грекияда өткен әлем чемпионатында екі шахматшымыз чемпион атанды

2555

14-22 сәуір аралығында Грекияның Родос қаласында мектеп оқушылары арасында өткен шахматтан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлде саны жағынан 1-орын (2 алтын, 2 күміс, 5 қола) алды, деп хабарлайды өзге ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz

G09, яғни 9 жасқа дейінгі ойыншылар арасында классикалық шахматтан Аланна Берікқызы швейцариялық жүйе бойынша 9 партияның сегізінде жеңіске жетіп, чемпион атанды. Ол  шешуші матчта негізгі қарсыласы моңғолиялық Целмуун Идерден (8 ұпай) басым түсті. Қазір Аланна Берікқызы G09 бойынша FIDE рейтингінде 1-орынға көтерілді.

Ал екінші чемпионымыз Әмина Қайырбекова 17 жасқа дейінгі санатта 8 кездесуді ұтып, түркиялық Зейнеп Чифтиннен (7,5 ұпай) басым түсті.

Нұрәлі Нуршин (U07 жас санаты, 7,5 ұпай) мен Айсұлтан Бисалиев (U09 жас санаты, 7) күміс жүлдегер атанса, Ризат Ұлан (U07 жас санаты, 7 балл), Әлімжан Жауынбай (U09 жас санаты, 7 ұпай), Данис Қуандықұлы (U11 жас санаты, 6,5), Эдгар Мамедов (U13 жас санаты, 7), Далия Диасқызы (G11 жас санаты, 6,5) қола жүлдеге ие болды.

Жүлде саны жағынан 2-орынға Түркия (3 алтын, 2 күміс, 2 қола) жайғасса, үздік үштікті Моңғолия (2 алтын, 3 күміс, 1 қола) түйіндеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз