Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін елдегі ең ұзын көпір жұмыс істеуде. Жоба өңірдегі көлік байланысының көпжылдық мәселесін шешуге бағытталған. Бұл тұтас өңірдің экономикалық өрлеуіне жол ашатын инфрақұрылымдық жоба. Күршімдегі көпір – жай ғана құрылыс емес, барлық өңір үшін жаңа үдеріс пен жаңа мүмкіндіктердің символы іспеттес. Ең бастысы, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.
Ақшабай Керімбеков, Талдықорған қаласы ардагерлер ұйымының төрағасы





























