Тәттімбет күйлері  күмбірледі

384

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында халық мұрасын жаңғыртып, күй өнерін, рухани байлығымызды дәріптеу мақсатында қазақтың ұлы күйшісі, өнер әлеміне мол мұра қалдырған танымал тұлға Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 210 жыл толуына орай «Шертпе күйдің атасы» атты өнер  сағаты кітапхана оқырмандары арасында өтті.

Бұл шараға Өтенай ауылдық Мәдениет үйінің қызметкері, саз колледжінің ұстазы   Рүстем Наурызов және  Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің студенттері шақырылды. Айтар болсам,  оқырмандарға күйші-композитор Тәттімбеттің өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұматтар берілді. Саз колледжінің ұстазы  Рүстем Наурызов   Тәттімбеттің  қазақ халқының ішкі жан дүниесін, табиғаттың тылсым сырын домбыраның қос ішегінде тербетіп, жүрекке жеткізе білген ұлы күйші екендігін айтты.

Сонымен қатар Тәттімбет күйлерінің шығу тарихына тоқталып, ел аузында жүрген күйші туралы деректерге тоқталып, әңгімелеп берді. Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің студенттері Аружан  Жаманбай,  Бағлан Нүсіпхан  және Әймен  Зекенәлі  Тәттімбеттің «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Бес төре» күйлерін орындап оқырман ықыласына бөленді.

                                                                                                           С. Қажаева,

                                                                                                кітапхана меңгерушісі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз