Мектеп этномедиациясының қызметін дамыту

301

«Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар және медиация саласын талдау бөлімінің 2025 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес республикалық «Елдесу және татуласу» жобасы аясында Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебінде оқытушылардың қатысуымен «Мектеп этномедиациясының қызметін дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар- тренингте І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚХА жанындағы этномедиация кеңесінің төрағасы Бақыт Кененсарықызы «Мектеп этномедиациясының қызметін дамыту» тақырыбында сөз сөйлеп, жұмыс жоспарымен таныстырып, бұл бағытта облыстық ҚХА медиаторлар кеңесінің тарапынан елеулі істер атқарылып келетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіби медиатор, этномедиация кеңесінің мүшесі Жазира Жексембаева мектептік этномедиация саласындағы талас-тартысты реттеудің жаңа бағыттарын таныстырып, өз тәжірибесінен алынған әдістемелік тәсілдерімен бөлісті. Шара соңында, оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз