Жұмысшы мамандар құрметке лайық

368

«Адал еңбекпен мал іздемек, ол арлы адамның ісі». Биылғы жылды Мемлекет басшысы  Қ.Тоқаев еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру, ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп бекіткені баршаға мәлім. Жастарға адал еңбек ету, адал азамат болу ұғымдарын, еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау қоғамның  басты міндеті.

 Жұмысшы мамандар  қашанда құрметке лайық. Бүгінгі таңда өңірде еңбекке қабілетті азаматтар, жұмыс күші  әр салада жемісті еңбек етуде. Осы орайда еңбек құндылықтарын ілгерілету, жұмыскерлерді қолдау бағытында тәжірибелі, кәсіби мамандар қала әкімінің Алғыс хаты, «Мемлекеттік қызметші», «Адал қызметі мен еңбегі үшін», «Кәсіби шеберлігі үшін» аталымдарымен және «Талдықорған қаласына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Құрметке ие болғандар қатарында 30-40 жыл табанды түрде жұмыс атқарған  территория тазалаушысы, қызметтік бөлмелердің тазалаушысы, электромонтер, инженер, металл кескіш, тиегіш көліктің жүргізушісі сынды қызметкерлер бар. Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Президентіміз біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс екенін, өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттыратынын атап өткен болатын. Маңдай терін салып жұмыс жасап жүрген әрбіріңізге алғысымызды білдіреміз, сіздердің еңбектеріңіз ерен»- деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз