Талдықорғандықтар табиғи газға дән риза

6

2016 жылға дейін қыс болса отын жарып, көмір тасып әбігерге түсетін талдықорғандықтардың айы оңынан туып,үйлерін көгілдір отынмен жылытуға алғаш рет мүмкіндік берілді.Бүгінде шаһар халқының 90 пайыздан астамы газға қосылған.Қала маңындағы саяжайлар мен ауылдық округтердің бөлімшелері де осы игіліктен тысқары  қалған жоқ. «Үйтас»саяжай қоғамы, «Жастар-2»ш/а, Ынтымақ , Пригородное елді мекені, 3-ші бөлімше,өткен жылдың аяғында  Мойнақ ауылы табиғи газға қосылып, халқының мерейі көтеріліп қалды.Қала басшыларының айтуынша, 7 саяжай қоғамы мен тағы бір елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Гүлжанат Нұршанова, «Талдықорған» газетінің бас редакторы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз