Қаланы газдандыру көлемі едәуір артты

113

Қаламызда газ тарту желілерін салу жұмысы  2016 жылы басталып, 2017 жылы алғашқы табиғи газбен қамтамасыз ету іске қосылды. Бүгінде қаланы газдандыру көлемі  едәуір артты. Қала бойынша газ құбырының жалпы ұзындығы – 1 291  шақырымды,  қамту деңгейі – 90, 3%-ды құрап отыр. Бұл дегеніміз қаншама халық көгілдір отынға қол жеткізді деген сөз. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Мәселен, атқарушы органның мәліметінше қазіргі таңда газ желісіне қосылмаған 7 саяжай қоғамы және 1 елді мекен бар. Бүгінгі күні жобалық-сметалық    құжаттамасы әзірленуде. Бұл аймақтар да табиғи газға қосылып, қуанышқа кенелетін күн алыс емес.

А.Капекова, кәсіпкер

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз