Жұмысшы мамандығына сұраныс артқан

5

Жұмысшы мамандықтары адамзат өркениетінің дамуында үлкен рөл атқарады.  Қай дәуірде болмасын жұмысшылар еңбегі қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.   Қазіргі таңда цифрландыру дәуіріне аяқ бастық. «Еңбек- елдің тірегі, мамандық – өмірдің жүрегі» деп аталатын мәдениет саласының қызметкерлерімен бірлескен жоба жаңашылдық енгізу емес, көне дәстүрді қайта жаңғырту болып табылады. Еңбек ұжымдарының белсенділігін арттыру мақсатында ежелден сабантойлар мен жәрмеңкелер ұйымдастырып, ән шырқалып, ұлттық ойындармен жалғасын тауып отырған. Мұндай іс-шаралар ұжымдық рухты нығайтып, еңбек мәдениетін насихаттау алаңына айналдырған. Жәрмеңкелерде жұмысшылардың қол жеткізген жетістіктері көрсетіліп, үздік мамандар марапатталып отырған.

Журналистер үйінде өткен  баспасөз жиынында  «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Жетісу облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Талдықорған қаласының мансап орталығы» филиалының директоры   Азамат Балтабеков  халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тоқталды.

— Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек деп мәлімдеді. «Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз» — деп атап көрсетті.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында жұмыссыз адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылған.  Жұмыссыз азаматтарды тұрақты және уақытша жұмыспен қамтуда жаңадан құрылған жұмыс беруші мекемелермен бірлескен іс қолға алынды. Мәселен, 9 жоба бойынша   288 адам жұмысқа орналасты,-дейді А.Болатұлы.

 Жетісу облысының жұмыспен қамту органдарына 35 жасқа дейінгі жастар арасынан 11 546  адам жүгінді. 4 223 адам жұмысқа орналасса,  оның  ішінде 4081-і тұрақты жұмыс тапты. 35 жасқа дейінгі — 1096 адам, жастар практикасына – 418 түлек, алғашқы жұмыс орнына — 121 адам, ұрпақтар келісімшарты бойынша – 4 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

 2024 жылы қала бойынша  «Қоғамдық жұмыс орындарына» 900 адамды қабылдау жоспарланған болатын.  1096 адам жұмысқа  тіркелді,оның ішінде 322 адам жұмыстан шығып, 650 адам  өз  жұмыстарын жалғастыруда. Жұмысқа орналасқан адамдардың электронды еңбек шарттары толық тіркелді. Сонымен қатар жыл басынан ауқымды 6 бос жұмыс орны жәрмеңкесі оффлайн форматта және enbek.kz порталында онлайн форматта өткізілді.   

«Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар» 2024 жылғы жоспар бойынша 30 грант белгіленсе, бұл екі лекте бөлінді.  Сондай-ақ, кәсіптік оқу бойынша  автоэлектрик, тігінші, есепші, тырнақ шебері, шаштараз, электрик мамандықтары бойынша білім алды.

«Пробацияда есепте тұрғандар адамдар»  жобасы бойынша  29 адамды жұмыспен қамтылды.  5 –еуі  жеке кәсіптерін ашуға мүмкіндік алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз