Кеше ғана Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтататыны жөнінде мәлімдеме жасауы біз үшін аяқ астынан  күтпеген жаңалық болғандықтан да шығар,қобалжу тудырды. Болашағымызға  құрған жоспарлар қалай болады, ел тағдыры не болады деген сауал көкейімізде тұрды.Елбасымыздың  Тәуелсіз еліміз үшін сіңірген еңбегі осы уақытқа дейін ұшан теңіз. Бақытты,баянды,берекелі өміріміз осы кісінің қажырлы еңбегінің нәтижесі деп білемін.

Болашақ тізгінін жастарға беремін, біздің жолымызды әрі қарай алып жүреді деп сенім білдіре келе, сайлауға дейінгі ел басқару тізгінін Сенат төрағасы  Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп тапсырды. Бүгінгі күні  Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттікке ант беріп, Елбасына  Қазақстанды орнатуға қосқан тарихи үлесі,экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық дамуға, Қазақстан қоғамын топтастыруға сіңірген аса зор еңбегі үшін «Алтын жұлдыз» ордені мен «Халық қаһарманы» атағын беруі,ол кісінің ерен еңбегін бағалағаны.  Елбасының құрметіне Астана қаласын атасақ. Орталық көшелерге атын берсек,монумент қойсақ  деген  ұсынысы ол  кісіге деген құрмет . Мұны дұрыс деп есептеймін. Көршілес мемлекеттерде болып жатқан түрлі қақтығыстардың барлығы билікке таластың салдары, сырттан келгендердің мемлекеттің ішкі ісіне араласуынан болып жатқан дүние. Біздің мемлекетімізде  қаншама ұлттардың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешудеміз,басқа діндерге де өздерініңсенімдерінжүзеге асыруға үлес қосудамыз. Лайым осы татулығымыз ұзағынан болып, ел-жұртымыз ең озық мемлекеттердің алдыңғы қатарынан табылсын.

Тұңғыш Президент мәңгі есімізде қала береді. Ол кісінің есімі тарих парақтарына алтын әріптермен жазылары сөзсіз. ЖаңаПрезидент Қасым-Жомарт Кемелұлына ел болашағы алдында  атқарар  еңбегінің жемісті болуы үшін зор денсаулық пен күш-қайрат тілеймін.

 Гүлнар Тойлыбаева,  «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK