Көксу ауданында қылмыс деңгейі 16%-ға төмендеді

6

2024 жылы құқықбұзушылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға азайып, 200-ден 168-ге дейін төмендеді. Қылмыстардың жалпы ашылу көрсеткіші 82,8%-ды құрады. Бұл туралы Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы Ернар Қалтаев пен оның орынбасары Дархан Жақанбай өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында айтты.
Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығының айтуынша, мал ұрлығы — ауданның өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді. Алайда, жыл ішінде мұндай қылмыстар саны 13-тен 11-ге дейін азайды. Бұл мәселемен күресу мақсатында 11 күзетілетін жайылым ұйымдастырылып, ауыл әкімдері мен шаруа қожалықтарының иелері арасында меморандумдар жасалды. Сондай-ақ, қараусыз малдарға қатысты 181 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Аудан жолдарында 64 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 15 адам қаза тауып, 119 адам жарақат алды. Полиция қызметкерлері 2960 жол ережесін бұзу дерегін анықтады, оның ішінде 28-і көлікті мас күйінде басқару жағдайы болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз