Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы «МСАК көшбасшысы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Үш ай бойы өңірдің емханалық қызметтері үздік ұйым атану үшін жарысып, медициналық қызметтердің сапасын арттыру бағытында үлкен жұмыс атқарды.
Негізгі назар халықтың шағымдарын азайтуға, пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын жақсартуға, ішкі бақылауды күшейтуге, ұйымдардың беделін нығайтуға және облыс тұрғындарының сенімін арттыруға бағытталды.
Байқау қорытындысы бойынша:
- 1-орын — Алакөл орталық аудандық ауруханасы
- 2-орын — Талдықорған қалалық емханасы
- 3-орын — Талдықорған қалалық №2 емханасы
«МСАК көшбасшысы» байқауы 1 қыркүйекте басталып, алғаш рет ұйымдастырылды.
Оның мақсаты — медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың қызметін жақсарту үшін кешенді шараларды енгізуге ынталандыру болып табылады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы