Жетісу облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 35 млрд. теңге бағытталды

7

Жетісу облысы – аграрлы аймақ болғандықтан, бірінші кезекте ауыл шаруашылығын дамыту мен өңдеу саласына айрықша назар аударылуда. Биылғы жылы облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 35 млрд. теңге бағытталды, оның 23,3 млрд. теңгесі немесе 66,6% – субсидиялар. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 510 мың га құрады. 872 мың тонна дәнді дақылдар, 195 мың тонна майлы дақылдар, 266 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 132 мың тонна картоп өндірілді. Өңірде қант саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Ақсу қант зауыты толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Облыстың 5 ауданында 8 жаңа сервистік-дайындау орталығы құрылып, 30 шаруа қожалығына құны 2,5 млрд. теңгеге қант қызылшасы өндірісіне қажетті 62 бірлік техника сатып алынды. Биыл қант қызылшасының егіс алқабы 1,7 есеге ұлғайып, 13,7 мың гектарға жеткізілді, одан рекордтық өнім — 635 мың тонна тәтті түбір жиналды. Белгілі болғандай, нәтижесінде екі қант зауытында 94 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр, оның ішінде қант қызылшасынан 64 мың тонна, қамыс құрағынан 30 мың тонна қант шығарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз