1 қаңтардан жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6 пайызға артады. Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
— Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалуда және толық көлемде орындалатын болады. Бұл үкіметтің басым бағыттарының бірі. Осы жылдың қаңтар айынан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, барлық зейнетақ мен жәрдемақыны индекстеу жүзеге асырылады. Жәрдемақылар мен базалық зейнетақы — 7 пайызға, ортақ зейнетақы — 9 пайызға. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақы 8,5 пайызға әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6 пайызға жыл сайынғы индекстеу жүзеге асырылады, — деді Нұрлан Байбазаров.