Әдептілік — құнды қазына

21

Әдеп- қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады. «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы. Соған байланысты елімізде қызметкерлерге Әдеп кодексі енгізілген.

Әдеп кодексінің басты міндеті- сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау болып табылады. Әдеп кодексі жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары , қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деп аталған бес бөлімнен тұрады. Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы аддамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділділік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсете білуі керек. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы қоғамда оң пікірді қалыптастыруға әрекет ету керек.

Абылхан Берік Нұрланұлы, Талдықорған қаласы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз