Бильярдтан еске алу турнирі өтті

126

Телекулов Ахметжан Қайсарұлын еске алуға арналған Талдықорған қалалық бильярд спортынан ашық турнир Жастар спорт сарайында өтті. Бильярд клубының ұйымдастыруымен өткен спорттық шара өте тартысты болды.

 Айтар болсақ, Ахметжан Қайсарұлы Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында 1961жылы 25 қазанда  дүниеге келген. Мектепті 1978 жылы  ойдағыдай аяқтап шығады. 1979-1981 жылдары әскер қатарында болды. 1981-1982 жылдары  Талдықорған қаласында полиция қызметкер болып жұымсқа орналасаады.   Жоғары білім алуды ойлап, 1982-1984жылы Шымкент  қаласындағы милиция жас офицерлер даярлау жоғары институтына түседі.  Содан 1984 жылдан бастап Ішкі істер саласында әр түрлі  лауазымда қызмет атқарды. 2010-2011жылы  Үшарал қаласында әскери полиция бастығы қызметін атқарып, полковник шенінде зейнеткерлікке шықты. Көптеген марапаттардың иегері.

Ахметжан Қайсарұлы  өз қызметін адал да абыройлы атқара білді. Өмірінің соңына дейін елімізге адал қызмет етіп жұбайы Клара екеуі төрт баланы тәрбиелеп өсірді.

Ашық турнирді өткізуді Жетісу облысы Бильярд спорты федерациясының президенті Тоқтар Есимов ұйымдастырды. Турнирге Ахметжан Қайсарұлымен бірге жүрген әріптестері мен жолдастары да қатысты. Турнирге он алты адам қатысуға ниет білдірген еді. Жастар спорт сарайында өткен салтанатты ашылу рәсімінде ол кісімен қатар қызмет атқарған әріптестері сөз алды. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

 Сондай-ақ, Жетісу облысы «Динамо ДШСҚ ҚБ» дене шынықтыру спорт құрама қоғамдық бірлестік төрағасының бірінші орынбасары  Жарылқат Сабалақов қатынасып, сөз сөйлеп құттықтауын айтты. Бас төреші     Ахметсапа Шалқыбаев қатысушыларды  ойын тәртібімен таныстырды. Турнирдің өтуіне және демеушілерін марапаттауларын ұйымдастыруға көмек берген Ахметжан Телекуловтың  досы, Кербұлақ ауданының құрметті азаматы  Серік  Қожақановтың еңбегін айта кеткен жөн.  Есен Бураханов , Әбдімомын Ахметқали  қаржылай демеушілік  көмек көрсетті.

  Жарыс барысында өз шеберліктерін көрсеткен бильярдшылар ақтық сынға сүрінбей өтті.  Жарыс қорытындысында:

1-ші орынды Төлеу  Мамбеталин,

2-ші орынды  Геннадий Чарсов  алса, жүлделі 3-ші орынға  Нұрбосын

Толқынбеков пен Нұрғали Тортаев лайық деп табылды.

 Тағы бір айтарлығы — 82- жастағы Әшімхан  Мамбетаев атамыз «Ардагер бильярдшы» атанды.  Талдықорған қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Жаннұр  Әбішевке жарыс қатысушылары алғыс айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз