Балалық шаққа саяхат

119

Аса көрнекті суреткер, ұлтыңыздың ұлағатты қаламгері, шы­найы­лықтың шыңына шыққан шы­ғар­машылық өкілі, балалар әдебиетінің зергері Бердібек Соқ­пақбаевтың 100 жылдығына арналған кеш   республика күні қарсаңында қаламыздағы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде ұйымдастырылды.

 Балалар мен жасөспірімдерге арнап жиырмадан аса туынды жазған Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесі бастапқыда протестік шығарма деп танылған. Сондықтан бұл туынды ұзақ уақыт қолжазба күйіндегі повесть ең алдымен орыс тілінде, артынша көптің көңілінен шыққан туынды әлемнің 30 тіліне аударылып шықты.  Баршаға белгілі,  бұл повесть бойынша «Қазақфильм» киностудиясында көркем фильм түсіріліп, 1967 жылы Канн қаласында өткен Балалар мен жасөспірімдер фильмдерінің халықаралық фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды.

Жазушының 1960 жылы жарық көрген «Балалық шаққа саяхат» атты тағы бір повесті қазақ балалар әдебиетінің асыл мұрасына айналды. 1930-шы жылдардағы кішкентай кейіпкердің тағдыры арқылы өтетін повесть сол уақыттағы оқиғаларды және қазақ халқының қиын өмірін еш боямасыз көрсеткені белгілі.   Талдықорған қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен қалалық байқауға  шараға қала колледждерінің білімгерлері қатысты. Ең алдымен қатысушылар жазушы шығармашылығынан монолог, одан кейін сахналық көрініс аталымында  10 қатысушы өз өнерлерін ортаға салды. «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Сандуғаш  Рысбаеваның айтуынша,  байқаудың    мақсаты  — мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және  Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетінедеген  жастардың  ықыласын арттыру,  рухани бірлік пен Отансүйгіштік сезімді арттыру болып табылады.

Байқау қорытындысында  1-ші жүлделі орынға  І.Жансүгіров колледжінің студенті Мейрамбек Оспанбай лайық деп табылды. 2-ші жүлделі орынға  Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінен Айдана Қайырбек пен  Талдықорған жоғары медициналық колледжі білімгері Нурикамал Қадыржан, ал  3-ші жүлделі орынға  Нұрайым Бекен, Нұрасыл Бекболат, Аяна Өтеулі ие болды.

 Ынталандыру жүлдесімен Райымқұл Райымбек, Амина  Саду, Тлеуберлі Ералы, Арнай   Нұрболатұлы  марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз