Талдықорғанда 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараның шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ашып, көпшілікті Республика күнімен құттықтап, тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін айтты.
«Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке», — деді қала әкімі өз сөзінде.
Шара барысынды қала басшысы қаламыздың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жандарға облыс, қала әкімнің «Құрмет грамотасын» және «Алғыс хатын» табыс етіп, марапат төрінен көрінді. Айта кетейік, Талдықорғанда Республика күніне орай, өткен салтанатты шарада 60-қа жуық азамат марапатталды.
Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі