Жетісудың 3 фестивалі Туризм және спорт министрлігінің биылғы мәдени-туристік оқиғалар күнтізбесіне енгізілді
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік оқиғалар күнтізбесін дайындады. Құжатта еліміздің 20 өңірінде өтетін 55 ірі іс-шара қамтылған.
Солардың қатарында мамыр айында Сарқан ауданында өтетін «Сиверс алма ағашының гүлдену фестивалі», Алакөл ауданында шілде айына жоспарланған «Алакөл толқыны» жазғы муызка фестивалі, Кербұлақ ауданында қазан айында болатын «Алтынемел – құландар мекені» фестивалі бар.
Күнтізбе ішкі туризмді насихаттауға, туристік бағыттарды кеңейтуге және...
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды. Бұл марапат ел мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан отандық және шетел авторларына әдебиет пен өнер саласындағы туындылары үшін беріледі.
Өтінім 2026 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады. Қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар тізімі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа...
Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті.
Жиында Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен келіп түскен ұсыныстар жөніндегі аралық ақпаратпен бөлісті. Былтыр қазан айынан бері e-Otinish және eGov платформаларындағы «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі арқылы халық арасынан, сарапшылар қауымдастығынан және қоғамдық бірлестіктерден 600-ге жуық ұсыныс жинақталған. Атап айтқанда, «Байтақ» партиясы,...
Қазақстандық әскери спортшы Азия чемпионатында топ жарды
ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы қатардағы жауынгер Қадырбек Шынбаев 70 келіден аса салмақ дәрежесінде ересектер арасында аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясы, Лучжоу қаласында өткен дүбірлі додаға 19 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.
Қадырбек бұл сында Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан спортшыларын сенімді түрде жеңді.
– Қарсыластарым мықты болды. Тәжірибелері де...
Жетісуда жас отбасы өңірдегі алғашқы болып бал қымыз өндірісін жолға қойды
Жетісу облысында жеке ісін бастаған кәсіпкер жұбайымен бірге дәстүрлі ұлттық сусын – бал қымыз өндірісін жолға қойды. Әзірге кәсіпорында жергілікті сүтті пайдаланып, күніне 600 литр өнім өндіріледі, ал алдағы уақытта өндірісті кеңейту және Қытай мен Өзбекстанға экспорттау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кәсіпорын құрылтайшысы Мадияр Түйебаевтың 8 жыл бойы шетелде білім алып, ұзақ жыл еліміздің...
12 мың сағаттан астам ұшу: әскери ұшқыштар оқу-жаттығу ұшуларын бастады
Жаңа оқу жылында Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық бөлімдері оқу-жаттығу ұшуларын орындауға кірісті. 2025 жылы экипаждардың жалпы ұшу уақыты 12 мың сағаттан асты және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.
Оқу іс-шаралары ұшу экипаждарының, инженерлік-техникалық құрамның және қамтамасыз ету бөлімшелерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Бағдарламаға тренажерларда сабақтар өткізу, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру, штаттан тыс жағдайларда әрекет ету дағдыларын пысықтау,...
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС
Өкілді билікті цифрлық трансформациялау – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық цифрлық мемлекет құруға арналған стратегиялық бағдарының ажырамас бөлігі. Бұл туралы Сенат Төрағасының парламенттік реформа және еліміздің саяси институттарының болашағы туралы «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласында айтылды.
Мәулен Әшімбаев жаңарған Парламент Мемлекет басшысының стратегиялық ұстанымы мен технологиялық дәуірдің сын-қатерлеріне сәйкес келетінін және Әділетті Қазақстанның жаңа келбетінің басты элементі...
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласында болашақ Парламенттің институционалдық келбетіне ерекше мән берілген. Парламенттік реформа – жай ғана форманың өзгеруі емес, бүкіл мемлекеттік билік жүйесінің негізгі тірек конструкцияларының бірін нығайту екені баса айтылады.
Автордың пікірінше, парламенттік реформаның сәтті болуы жаңартылған өкілді орган жұмысының тетіктері қаншалықты дәл құрылатынына байланысты.
«Жаңа модель Қазақстандағы парламентаризм философиясын өзгертеді....
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламентке көшу туралы бастамасы саяси ауқымды реформалардың заңды жалғасы. Ол кемел қоғамның әділетті және теңгерімді билік құрылымы жөніндегі сұранысына толық жауап береді. Бұл туралы Сенат Төрағасының «Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласында айтылды.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, билікті орталықсыздандыруы және қоғамның саяси субъектілігінің артуы жағдайында өкілді билік тармағының тұрақтандыру функциясы жаңа сапаны талап...
Еліміздің ең атағы көп «Жетісу» командасы Қазақстанның Суперкубогын бесінші мәрте иеленді
Өскемен қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өткен Қазақстанның Суперкубок чемпионаты мәресіне жетті. Финалда «Жетісу» волейболшылары «Тұран» командасымен ойнап, 3:0 есебімен басым түсті. Сөйтіп ел Суперкубогының бесінші мәрте иегері атанды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметі.
Ойын аяқталғаннан кейін «Жетісу» командасының бас бапкері Марко Гршич ой бөлісті:
– Командамды және барша жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймын. Қиындықтарға қарамастан, біз Суперкубокты тағы да Жетісу...




























