Қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?
Мобильді аударымдарды тексеру басталады
Қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енеді. Биыл тексеру үшін негіз ретінде үш айда 1 миллион теңгеден асатын шекті мөлшер енгізіледі.
Кім тексеріледі?
Үш айда әртүрлі ақша аударатындардан жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден (немесе 12 ең төменгі жалақыдан - ЕТЖ) асатын 100-ден артық аударым алатын жеке тұлғалар тексеріледі.
Бақылау қалай жүргізіледі?
Банктер белгілі бір уақыт аралығында мобильді...
Әскерге шақырылғандарды көшеден ұстап әкетуге тыйым салдық — Қарулы күштердің Бас штаб өкілі
ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында әскерге көшеден ұстап әкетуге толықтай тыйым салынғанын мәлім етті.
БАҚ өкілі әскерге шақырылғандарды көшеден ұстап әкетуге қашан тыйым салынатынын сұрады.
— Бұл тақырыпқа бірнеше рет брифинг те өткізген болатынбыз. Биыл жергілікті атқарушы органдардың әскери басқармаларына әскерге шақырылғандарды көшелерден, ойын орындарынан, қоғамдық орындардан ұстап әкетуге тыйым...
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери парадты тамашалады
Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңдегі әскери парадты тамашалағанын хабарлады.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады, - делінген ақпаратта.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаменті хабарлайды:
17 қыркүйек күні сағат 14:00-де І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерінің қатысуымен жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізіледі.
Облыс бойынша барлық салық төлеушілерді қатысуға шақырамыз.
Кербұлақ ауданында суару каналдарын жаңғыртудың арқасында 7 мың гектар суармалы жер айналымға енгізіледі
Жетісу облысының Кербұлақ ауданында ұзындығы 105 шақырымды болатын ирригациялық арналарды қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде жаңадан 7 мың гектар суармалы жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге және картоп өсіру ісін қайта жандандыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы аудан халқымен кездесу барысында белгілі болды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
– Ұзақ уақыттан бері қараусыз қалған суару жүйелерін жөндеудің...
Биыл Жетісу облысында «Сарыөзек-Көктал» жолының жөндеу жұмыстары аяқталады
Биылғы жылдың күзінде Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Сарыөзек - Көктал» автожолының (0-45 км) жөндеу жұмыстары аяқталады. Сол сияқты «Сарыөзек ауылын айналып өту» (0-7 шақырым) жолындағы құрылыс жұмыстары да бітеді. Бұл туралы Кербұлақ ауданының тұрғындарымен кездесу барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Өткен жылғы кездесуде уәде бергендей, «Алацем» зауыты өз қаражаты есебінен «Сарыөзек-Көктал» автожолының...
Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстандағы әлеуметік саясаттың жүйелі шаралары мен нәтижелері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында әлеуметтік сала мен еңбек нарығын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Үкіметтің басты назары Жолдаудың негізгі қағидаттарын іс жүзіне асыруға бағытталған. Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік қолдаудың проактивті және атаулы моделіне көшу жүзеге асырылып жатыр, барлық азаматтар үшін...
“AMANAT” партиясы Жетісу облыстық филиалында “Құқықтық көмек” акциясы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтті
“AMANAT” партиясының Жетісу облыстық филиалы ұйымдастырып, «Құқықтық көмек» акциясы аясында өткен бұл қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтарға жеке құқықтық қолдау көрсетіп, олардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған нақты заңнамалық түсініктемелер беру болды.
Қабылдауға Жетісу облыстық Әділет департаментінің заңгерлері қатысты. Олар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық аспектілер бойынша жан-жақты түсіндірулер жүргізді. Әсіресе, қабылдауға келген қала тұрғыны Мұсаханова Мөлдірдің жерін заңдастыру мәселесіне қатысты...
Жетісу облысында жаңа оқу жылында 3 мектеп күрделі жөндеуден кейін қолданысқа берілді
Жаңа оқу жылында Жетісу облысында 3 білім нысаны күрделі жөндеуден кейін есігін айқара ашты. Жалпы оқушы орны 2300-ден асатын бұл мектептерге күрделі құрылыс алғаш рет жүргізілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Соның ішінде Қаратал ауданы Тастөбе ауылындағы Жамбыл атындағы мектептің ашылуына арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов өңірде 6 жаңа мектептің құрылысы мен 8 білім мекемесінің...
Білім, денсаулық, тұрғын үй саласындағы өзекті мәселелер
Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахмет Есдәулетовтың төрағалығымен кеңестің 7-ші отырысы өтті. Шараға кеңес мүшелерінен бөлек тиісті сала басшылары қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде : «Талдықорған қаласының білім бөлімі»ММ 2024-2025 оқу жылында атқарған жұмыстары және қаланың жалпы білім беретін мектептерін жаңа оқу жылына дайындау барысы туралы», «Талдықорған қаласы №1 және №2 қалалық емханалары басшыларының қаладағы денсаулық сақтауды дамыту бойынша жүргізіп...





























