Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті, 2024 жылдан бастап 2025 жылдың 31 қазанына дейінгі кезеңде Жетісу облысының географиялық шекарасында көмірді бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспардан тыс талдау жүргізді.
Талдау жүргізудің мақсаты – бәсекелестіктің жай күйін бағалау, бәсекелестік деңгейін айқындау, тауар нарығында үстем және монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу, оның ішінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдлану белгілерін анықтау, сондай-ақ басқа да проблемалық мәселелерді анықтау.
Талдау қорытындысына сәйкес, 2024 жылдан бастап 2025 жылдың 31 қазанына дейінгі кезеңде Талдықорған қаласының географиялық шекарасында көмірді бөлшек саудада өткізу нарығы – орташа шоғырланған (ІІ түрі) нарық ретінде сипатталады.





























