Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2024 жыл және 2025 жылдың қаңтар – қазан айлары кезеңінде Жетісу облысының географиялық шекарасында майлылығы 72,5-82,5% сары майды көтерме сату нарығындағы бәсекелестік ортаның жай – күйіне жоспардан тыс талдауды аяқтады.
Талдаудың мақсаты – бәсекелестіктің даму деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайды иеленетін шаруашылық субъектілерін анықтау, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалану фактілерін қоса алғанда, монополияға қарсы заңнаманы бұзудың ықтимал белгілерін белгілеу болып табылады.
Талдау қорытындысына сәйкес, Жетісу облысы географиялық шекарасында майлылығы 72,5-82,5% сары майды көтерме өткізу нарығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша жоғары шоғырланған (І түрі), ал 2025 қаңтар-қазан айлары бойынша орташа шоғырланған (ІІ түрі) нарық түрлеріне жатады. 2025 жылы аталған нарықтағы бәсекелестік деңгейі орташа дамыған болып өзгерді.





























